Ойыншықты тексерген мамандар оның құрамынан мөлшерден 160 есе көп формальдегид пен фенол анықтады.
Бұл туралы Ктк хабарлады.
Қауіпті ойыншық елге ресейлік сертификаттармен әкелінген екен. Алайда, тексере келе оның Қытайда жасалғаны анықталды. Қыз балалар соңғы кездері қолынан тастамай ойнайтын ЛОЛ қуыршағының өзінен ғана емес, сыртындағы қағаз қорабына дейін улы химикат табылды.
Айта кетйік, ЛОЛ ойыншықтары 3 жастан асқан қыз балаларға арналған. Әрі топтамасымен сатылады. Ал әр сериясында жүз түрлі қуыршақ бар.
“ЛОЛ қуыршағының әрбір бөлшегін тексердік. Шарын, сыртындағы қорабын, ойыншық сөмкесін. Қуыршақтың өзінде фенолдың 60 есе көп мөлшері табылды. Ал шарында 160 есе көп қауіпті зат табылды. Тауардың бір партиясы саудадан алынды. Әрі қарай да шара қолданатын боламыз”, деді Алена Кравченко, Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім жетекшісі: