Алматыда мектеп формасын киген жасөспірім оқушы қыздарды тістеп алған.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Мектеп чаттарының бірінде белгісіз жігіттің екі оқушы қызды тістеп алғаны жайлы хабарламалар алматылықтарды шошытты.
№35 мектептің чатынан. “Назар аударыңыздар! Бүгін біздің мектептің маңында төтенше жағдай болды!!! Жасөспірім троллейбустан жүгіріп шығып, екі оқушы қызды (олардың бірі Татьяна Юрьевнаның оқушысы, 3-сыныпта) тістеп алды. Сондай-ақ, ол троллейбустың ішінде де әйел адамның қолын тістеп алған. Сосын барып троллейбустан шығып бастапқыда бірінші қыздың екі жерінен тістеп алған: бетінен және тағы бір жерінен (есімде жоқ), кейіннен аялдамадан сәл ары тағы бір қыздың басын тістеп алған. Қыздың басында тісі қалып қойған. Полиция оларды әлі тапқан жоқ. Татьяна Юрьевна мен мектеп әкімшілігі бізді мектепке әкеліп және мектептен күтіп алуды сұрайды”, – деп жазған Юлия Новикова Facebook желісіндегі парақшасында.
“Балалар бірінші ауысымнан кейін ата-аналарымен бірге үйлеріне кетті. Қыздардың бірі әпкесімен Достық пен Қабанбай батыр қиылысында тұрған. Әпкесі сол сәтте анасымен телефонмен сөйлесіп тұрды. Сол кезде белгісіз бір жасөспірім бас салып, оқушы қызға қарай шабуылдаған. Барлығы бірнеше секундта болған. Әпкесі сіңлісін ер адамнан жұлып алады. Сөйтсе, ол қыздың басын тістеп алған болып шықты. Содан соң жасөспірім № 11 троллейбуске жүгіріп кіріп кетеді Достық-Шевченко қиылысындағы аялдамаға дейін жетіп, аялдамада анасымен тұрған 3-сынып оқушысының қолын тістеп алған. Сосын ол Достықпен жоғары қарай көтеріліп кеткен.
“Қыздың басында тісі қалып кеткен” деген мәлімет асырып айтылған. Біз полицияға хабарластық, мектеп инспекторы барлығын бақылауда”, – деді мектеп директоры Ольга Прокопьева.
Директордың айтуынша, шабуылдаған жасөспірім шамамен 13-16 жаста. Қара көк түсті мектеп формасын киген, рюкзагы болған.