Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, полицейлер заңсыз есірткі айналымына қарсы күресті күшейтті.
бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Өңірдегі жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде есірткі заттарын өндіру, оны пайдалану мен таратудың алты дерегін әшкерелеп, кінәлі тұлғаларға қатысты іс қозғады.
«1 күн ішінде ескірткінің заңсыз айналымына қатысы бар алты тұлға анықталды. Оның ішінде, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қарасай ауданының 50 жастағы тұрғынының ауласынан баптап өсірілген 53 түп марихуанна өсімдігі табылып, тәркіленді. Айғақ заттың жалпы салмағы жеті килограмм болды. Қылмыстық заңнамаға сәйкес күдіктіге қатысты іс қозғалды»,- дейді полицейлер.