Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Құртыңдар!”. Өзбекстанда Ислам Кәрімовтың атын атап, суретін ілуге тыйым салынды

«Егер эфирде Кәрімовтың аты аталатын болса, бастарыңнан айырыласыңдар. Бұл мемлекеттік кеңесші Сұлтановтың бұйрығы»,

— деп жазады телеарналардың біріндегі жүргізушінің сөзін келтірген Озодлық.

– Бұл ұсыныс емес, бұйрық, талап болды. Зиялылыардың алдыңғы буыны әңгіме барысында Кәрімовтың есімін жиі атайды, еске алады. Сондықтан біз ол кісілерді эфирге шығармау үшін барлық шараларды қолдандық. Өйткені мұның арты жақсылыққа апармайды, – дейді белгілі себептер бойынша атын атауды жөн көрмей, әңгімеге араласқан теларналардың бірінің бас редакторы.

https://kaz.365info.kz/karimovtyn-musorysyndar-mirziyaev-ne-byldirip-zhatyr-video-305346

Озодлықтың мәліметтеріне сәйкес, тарату кестесіне енген барлық хабарларда Ислам Кәрімовтың атын атамау туралы бұйрықты президенттің мемлекеттік кеңесшісі Хайриддин Сұлтанов беріпті.

«Ëшлар» телеарнасының журналисіне сілтеме жасаған агенттік тыйым тек Ислам Кәрімовтың атын атауға ғана емес, сондай-ақ бағдарламалар барысында оның суреттерін, марқұм президенттің ескерткіштерін және оның аты жазылған ұрандарды да көрсетуге тыйым салынғанын хабарлайды.

Бұл ақпаратты кім жайып салды?

Осы жаңалық жарияланғаннан кейін бірнеше күн өткенде бұл әңгіме жалғасын тапты. Озодлықтың мәліметінше, аталмыш тыйым жария болғаннан кейін, Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясының басшылығы өз қызметкерлеріне жасалатын бақылауды күшейтті.

– Міне, екі күн болды Ұлттық компания басшылығы телеарналардағы бағдарламаларда Ислам Кәрімовтың атын атамау туралы ақпараттың БАҚ-қа қалай жеткенін анықтау бойынша өзінің тексерісін жүргізіп жатыр. Бұл қазір өте маңызды мәселеге айналып отыр, – деді 24-тамызда телеарналардың бірінің режиссері Озодлықтың тілшісімен болған әңгіме барысында.

Озодлыққа» Ұлттық телерадиокомпания қызметкерлері хабарлағандай, 24 тамызда болған жиналыста кейбір телеарналардың басшыларына бақылауды күшейту, сондай-ақ Ұлттық телерадиокомпания төрағасының қауіпсіздік мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымын қайта қалпына келтіру мәселелері талқыланыпты.

Денгемен бұл ақпаратты барлығы бірдей растаған жоқ. Әңгімеге қатысушылардың бірі жиналыстың шынымен болғанын және оның барысында мүлдем басқа мәселелердің талқыланғанын алға тартты:

– Жоқ. Жақында болған жиналыста бағдарламаларды сапалы дайындау мәселесі ғана талқыланды. Бізге кейбір техникалық ақауларды жою және халыққа ұнайтын хабарлар дайындау қажеттілігі туралы айтылды. Қарапайым халықтың басындағы мәселелер туралы көбірек айтыңдар деді, – деп жазады телеарналардың бірінің режиссері Олимжон Тухтаназаровтың сөзін келтірген Озодлық.

Кітаптардан алынып, портреттері жойылсын

Озодлықтың айтуынша, Ислам Кәрімовтың персона нон-грата болғанын айғақтайтын басқа да мысалдар жетіп артылады екен. Бұқарадағы мемлекеттік университеттің студенттерінің біріне сілтеме жасаған агенттік былай деп жазады: 17 маусыма жоғарғы оқу орнының аумағынан Кәрімовтың бүкіл кітаптарын алып кетіпті. Студенттің айтуынша, бірінші президент жазған кітаптар макулатурға жіберіліпті.

Тағы бір мысал: Өзбекстан Ғылым академиясы Қолжазбалар институтының басшылығы мәжіліс залында Ислам Кәрімовтың портреті ілініп тұрғаны үшін сөгіс алыпты. Қолжазбалар институтында зерттеу жүргізіп жатқан ғалымның айтуынша, «жиналыс барысында Ғылым академиясының басшылығы Кәрімовтың барлық портреттерін, оның сөздері жазылған барлық ұрандарды құртуды бұйырыпты».

– Қабырғадағы паннолардан Ислам Кәрімовтың аты жазылған мәтіндердің бәрі жойылды. Кәрімовтың ондаған портреттері Қолжазбалар институтының ауласына шығарылды, – дейді ғалым.
https://kaz.365info.kz/nazarbaev-aralasty-maskeudegi-khypiya-arhivke-kirgen-tarihshynyn-khany-basyna-shapty-317501

Сапа үшін күрес

Бұдан бірнеше ай бұрын Самарқанда (Ислам Кәрімов жерленген қала), полицейлер қала әкімшілігінің, салық инспекциясының және санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізген болатын. Шара барысында Өзбекстанның бірінші президенті бейнеленген күнтізбелерді, открыткаларды, естелік сувенирлерді сатып жүрген сатушылар құрықталған.

Бірақ мұның қазір орын алып жатқан жаппай тексерістерге қатысы жоқ екен.

– Рейд барысында заңсыз сауда жасаған ондаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Оларға бірінші президенттің бейнесі бар қолдан жасалған сувенирлер сатты деген айып тағылды.

Олар саудаға шығарған барлық сапасыз дисктер, портреттер мен календарлар тәркіленді, – деді Озодлық тілшісіне атын атауды жөн көрмеген Самарқан облысы әкімшілігінің Мәдениет және спорт басқармасының шенеунігі.
https://kaz.365info.kz/ne-bop-khaldy-pashinyan-nazarbaevkha-shygyl-telefon-shaldy-327812

Бұл қалай?

Жалпы, Ислам Кәрімовтың атын атауға қарсы күрес Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзияев жүзеге асырып отырған ресми саясатқа қайшы келеді. Ол елге басшылық жасаған уақытта бірінші президенттің атын мәңгіге қалдыру мақсатында келесі шаралар жүзеге асырылды:

2017 жылғы 31-тамызда Ташкентте Кәрімовтың бұрынғы резиденциясының алдына салтанатты түрде Кәрімовтың алғашқы ескерткіші орнатылған болатын. Кейінірек ескерткіштер Самарканда (2017 жылғы 2-қыркүйекте ашылды) және Қаршыда (2018 жылғы 30-қаңтарда ашылды).

Ислам Кәрімов жерленген жерде мавзолей ашылды.

Оның есімі Ташкен мемлекеттік техникалық университетіне, Ташкен халықаралық әуежайына, Ферғанадағы өнер сарайына және Асакадағы GM Uzbekistan автозауытына берілген. Ташкендегі бұрынғы Өзбекстан көшесіне Ислам Кәрімовтың есімі берілді.

Салтанатты шаралардың бірінде Шавкат Мирзияев былай деген еді:

«Бүгін біздің барлығымыздың ой-арманымыз бір арнаға тоғысып отыр – бірінші президентіміздің Отан және мемлекет алдындағы тарихи еңбектері, сондай-ақ ол туралы өшпес естелік мәңгілік халық жүрегінде қалады».

Ал Озодлыққа сенетін болсақ,

Қазір Өзбекстан басшылығының Ислам Кәрімовке деген көзқарасы түбегейлі өзгерген.

https://kaz.365info.kz/tyrkimenstan-khyrdymga-ketkeli-otyrgan-memlekette-ne-bolyp-zhatyr-329383

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз