Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Кезекке тұрыңдар…”. Түркістанда бір топ азамат жағдайы жоқ адамдарға үй салып жатыр

Бастаманы, әу баста, Шұбарсу ауылының тұрғындары қолға алыпты. Асарлатып, төрт үйдің ірге тасын қалаған. Кейінен ортақ іске қолдау білдірушілер қатары да артқан. Қазір екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын қалды. Жуырда мұнда қоныс тойы тойланады.

«Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған Қазақстан ұрпағымыз. Бүгінде Шұбар су ауылында халық көп. Көп болғандықтан жетім-сағырлар мен байларымыз бар. Барлығы да өзіміздікі. Сол себепті осындағы жас-кәріміз бар барлығымыз осындай қайырлы істі қолға алдық» – дейді ауыл имамы Өмірбек Қарабаев.

Бастамашыл топ ең алдымен жер телімдерін сатып алып, оның құжаттарын заңдастырып жатыр. Содан кейін, құрылысын бастайды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, болашақта бұл жер тұтас ауылға айналмақшы екен. Себебі, 70 үйдің құрылысы қатар жүргізіледі.

«Осы үйді тұрғызып жатқан азаматтар керемет жағдайлары жақсы болмаса да, ауылдағы жетім-жесірлер мен мұқтаждарға өз шамалары жеткенше үй тұрғызып жатқаннан кейін біз де қол ұшын берейік деп келдік. Жалпы дүние жақсы адамдардан тұрады. Осындай жақсы азаматтардың бастамасын әрі қарай ауыл болып, ел болып жалғастырып кету керекпіз» – дейді Ордабасы ауданының тұрғыны Құнанбай Мұсаев.

Қазір, асарлатып салынып жатқан үйлердің жаңа иелеріне тізім жасақталып жатыр. Ең алдымен, асыраушысынан айырылған отбасылар мен жетім-жесірлерге басымдық беріледі. Одан кейін, тұрмысы төмен жандар тізімге ілігеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз