Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Ашып айтам…”. Денис Теннің өліміне күдікті ретінде ұсталған қыздың анасы мәлімдеме жасады (видео)

155

https://kaz.365info.kz/alayakh-dejdi-tanymal-anshini-astana-men-atyrau-zhyrty-sabylyp-izdep-zhatyr-video-327724

 

Жазда оқушылармен бірге демалысқа шыққан ұстаз ата-анасына көмек болсын деп Алматыға жұмыс іздеп кеткен екен.

Гүлістан Ілиясова, күдікті Жанар Толыбаеваның анасы:

-Бүкіл көршілер жылады. Ешқайсысы сенбеді. Жақсы қыз еді деп осындай жамандыққа қимай жатыр. Баламмен бірге тұрған қыз жекжаттарымыздың қызы. Менің қызым ұсталған жігіттерді танымайды. Сол қыз арқылы танысқан.

https://kaz.365info.kz/zorlagany-ras-eken-akelerin-oltirgen-ysh-khyz-turaly-maskhara-shyndykh-327493

Ал қалада жекжаттарының қызымен бірге пəтер жалдап тұрыпты. Сол бойжеткен басты екі күдіктінің бірі Нұралы Қиясовтың сүйіктісі екен. Жанар болған оқиғаны сол құрбысынан білген.

Алайда, “айтпа” деп өтініп қоймаған соң тіс жармапты.

Ал іс насырға шапқанда, әлгі қыз телефонын сөндіріп, ізім-қайым жоғалған. Қалаға келгеніне небəрі төрт күн болған Жанар Толыбаева осылайша аяқасты сыбайлас боп шығыпты. Атақты спортшыға шабуыл жасалғанда Жанар жұмыста болған көрінеді.

Яғни оның қылмыс орнында болды деген мəліметті жақындары теріске шығарды.

Десе де, оны дәлелдеу  қиынға соғайын деп тұр. Өйткені отбасының адвокат жалдауға қаржысы да жоқ.

Əкесі науқас, анасы да жұмыс істемейді. Ал өзінен кейінгі бауырлары мектеп оқушылары.

https://kaz.365info.kz/mygalim-eken-denis-tennin-olimine-khatysty-yshinshi-kydiktige-khatysty-zhana-derek-shykhty-328096

Кішкентайы небəрі бір жаста. Күдіктінің өзінің де баласы бар. 3 жасар ұлы анам қашан келеді деп күнде тосып жүр.

Жанар тергеушілерден қанша сұранса да кездесуге рұқсат бермепті. Биыл ғана ауылдағы мектептегі “Жылдың үздік мұғалімі” атанған қыздарына туыстары мықты заңгердің көмектесуін сұрайды.

https://kaz.365info.kz/khatynym-zhanymdy-shygardy-khyralaj-hanymga-khoj-denizdershi-328282

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз