Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Мен чайкамын”. Бір қыз жігіттердің есебінен қалай ішіп-жейтінін айтты

276

Сабыржан “шағала” қыздардан әбден аузы күйген. Қазір оларды алыстан таниды. Айтуынша, бүгінде жеңіл өмір сүруді қалайтын бойжеткендер түнгі клубтар мен қымбат мейрамханалардағы бай-бағландарды қойып, қоғамдық орындарда жүретін қарапайым жігіттерді аңдуға көшкен. Тіпті, өзі бірнеше мәрте “шағала” қыздарды телефонына түсіріп алыпты.
https://kaz.365info.kz/almaty-sejfullin-mas-khyzdy-otyrgyzgan-taksist-balege-khaldy-foto-323426

«Әдемі екі қыз қарама-қарсы отыр да, біздің столға келді. Одан кейін, жігіттер ананы алсақ бола ма, мынаны алсақ бола ма деді. Енді біздерде артық ой жоқ қой, жарайды, қыздар ала беріңдер дедік. Темекі шегіп, қайтып келсек, ана қыздар жоқ. Біз үш бала бір-бірімізге қарап, не істейміз деп қалдық. Енді амал жоқ, әрқайсысымыз үш телефон тастадық. Содан кейін көк тиын жоқ, жатақханаға дейін жаяу қайтқанымыз есімізде бар» – дейді кейіпкер Айдаров Сабыржан.
https://kaz.365info.kz/15-zhastagy-khyz-zhynystykh-khatynastan-son-khajtys-boldy-295440
Ал Ақмарал өзін “шағала” бойжеткендердің қатарына жатқызбайды. Оның пікірінше, шотты төлеу жігіттердің міндеті. Онымен қоса, серілердің құшақ-құшақ гүл сыйлап, қымбат ресторанға алып баруы ұнатқан қызына деген сүйіспеншіліктің белгісі деп есептейді.

«Еркек әр кезде де еркек болып қалуы керек. Қандай жағдай болмасын, барлығын өз қолына алып, өзін ер азаматқа лайық ұстағаны дұрыс. Жаңа танысқан қызды бір жерге шақыратын болса да, шотты өзі төлеп, барлық жағдайын жасауға міндетті. Егер ер адамның көңілі сол қызға ауып тұрса, ол жомарттық таныту керек. Олай істемеген жағдайда, қызда көңілі жоқ деген сөз. Немесе ол сараң адам» – дейді қала тұрғыны Ақмарал Қуышбаева.

Елмұра Жаңабергенова жігіттердің қалтасын аңдып, тегін ішіп-жеуді көздеген қыздардың қылығын азғындыққа теңейді. Бойжеткендер ар мен намыс қашанда биік қою қажет. Ал тегін ішіп-жеп, артынша жігіттерден қашып кету, қазақ қызына тән қасиет емес.
https://kaz.365info.kz/bizge-orystyn-zhigitteri-zhakhsy-almatylykh-eki-zhezokshenin-angimesi-320125
«Бұларды енді мен қыз деп есептемеймін. Өзінің арамен намысын сатып, күн көріп жүру деген, бұл өте азғындық деп есептеймін. Ар намыс деген дүние мүліктен, қызыл дүниеден жоғары тұру керек. Қыздарда әдеп болмаса, ол қыздарда өзінің міндетін білмесе, ертеңгі ана болатынын, жақсы жар жақсы ана болатыны түсінбесе, осы кезден тек қана пайданы ойлай беретін болса, ол қыздан қандай болашақ ұрпақ шығады деп ойлайсыз» – дейді термеші Елмұра Жаңабергенова.

Десе де нәзік жандардың түрлі қитұрқы әрекетке баруына еркектердің де кінәсі бар. Нағыз ер азамат ешқашан да беті жылтырағын аруларға қызықпайды. Нәпсі құмарлықтан ада болады, дейді Балғынбек Имашев. Ал шашылса өзінің кінәсі.

«Қазақтың өзінің сөзі бар «құнажын көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді»деп. Ол ер азамат деген иманнан діннен алыс болатын болса, көзін сүзіп қараған кез-келген нәрсеге сылқ етіп құлап қалуы мүмкін», – дейді айтыскер Балғынбек Имашев.

Психологтар шағала қыздардың басым бөлігі бала кезінде “психологиялық травма” алғанын айтады. Ішкі күйзеліс, әлеуметтік жағдайының төмендігі оларды ашкөздікке әкеп соғады екен. Сондықтан да ата-ана қыз баланың тәрбиесіне мейілінше ерте бастан көңіл бөлгенде, мұндай арулардың қатары да көбеймес еді дейді.

Дереккөз: stan.kz
https://kaz.365info.kz/aferist-khyz-aram-yl-khazakhtyn-zhastary-nege-alayakh-bolyp-barady-311778

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз