Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

АҚШ-та ұсталған қазақстандық келіншектің күйеуі әйелінің алданып қалғанын айтты

 

https://kaz.365info.kz/amerikada-khamauga-alyngan-ysh-tarazdykh-khyz-tuys-bop-shykhty-video-326695

Фуркат жарының ірі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын жаңалықтардан білген. Бірақ жолдасымен әлі күнге дейін хабарласа алмапты, себебі әйел үй қамауында отыр, оған туыстарымен сөйлесуге тыйым салынған. Енді ер адам АҚШ-қа баратын мүмкіндік қарастырып жүр, ол балаларының тағдырына алаңдайды.

“Әйелім алданып қалды. Естуімше, Азиза Диораға қосымша жұмыс ұсынған. Көшелерге жарнама қағазын іліп шықсаң болды деген. Ақысын да төлейтін болған. Бұған оның әзірбайжандық күйеуінің де қатысы бар. Қазір әйеліммен хабарласа алмай отырмын”, – дейді Абраров.

Енді Фуркат еліміздің Сыртқы істер министрлігіне барып, виза ашуға көмек сұрамақ. Бала-шағамды алып келемін дейді.

Айта кетейік, “АҚШ-та алаяқтық жолмен көлік сатты” деген күдікпен ТМД елдерінен шыққан 25 адам қамауға алынған. Үшеуі қазақстандық. Есімдері: Диора Аширова, Елена Кудайбергенова және Азиза Джалолова. Азизаның күйеуі де күдіктілердің тізіміне еніп отыр.

Дерек көз:Tengrinews.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз