Ал ендеше! АҚШ президенті Дональд Трамптың басы бәлеге қалды.
“Мен ешқашан ешкімнің нәсіліне, тегіне тіл тигізген емеспін” деп ақталды Трамп. Бұдан бұрын бір кездері АҚШ президентінің көмекшісі болған Омароса Манигол-Ньюман есімді келіншек өзінің “Трамп басқаратын Ақ үйдегі шынайы ахуал” деген кітабында Дональд ағайдың масқарасын шығарған еді.
https://kaz.365info.kz/nesi-bar-edi-andamaj-sojlegen-toregali-kelinshegin-tynildirip-khojdy-327475
“Ол адамдарды тегіне, түсіне қарай бөліп жарады. Қатынбасшы. Жалпы әйел атаулыны жаратпайды. Әйел біткенді жек көреді. Мінезін түсініп болмайсың. Бір жолы менің көзімше жұмыс дәптерінің парағын жұлып алды да, жұтып жеп қойды” дейді Омароса Манигол-Ньюман .
Осы күнге дейін мені мақтап, мадақтап келді. Демократиялық құндылықтарды, азаматтық қоғамды қорғаушы ретінде құрметпен қарады. Бірақ, жұмыстан шығарғаным сол екен, лезде өңін өзгертті.
Айта кетелік, Омароса Трамптың қоғаммен байланыс бойынша көмекші болып істеген.
https://kaz.365info.kz/zorlagany-ras-eken-akelerin-oltirgen-ysh-khyz-turaly-maskhara-shyndykh-327493