Шымкенттегі атышулы видеоның кейіпкері тұтқындалды, – деп хабарлайды жергілікті полиция қызметінің өкілі.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Қара түсті автокөлік жүргізушісі қаланың дәл ортасында балағат сөздер айтқаны үшін үш күнге қамауға алынды.
“Оқиға аяқталды. Әкімшілік сот ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде қаулы қабылдады. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларды сыйламады. Соттың шешімі бойынша жүргізуші үш күнге қамауға алынады”, – деді полиция қызметкері телефон арқылы.
Сонымен қатар, оқиға орнынан қашып кету мақсатында көлігіне отырған жүргізуші Жанпейісовтың көлік бамперын соғып кеткен. Сотта жүргізуші өз кінәсін мойындады. Сот үкімі 6 тамызды шықты.