Мына видеода 27 жылдан бері қалыптасқан қазіргі Қазақстанның бүкіл болмысы жатыр.
Шымкентте полицияда жұмыс істейтін Ерлан деген бір дөкейдің әкесі 888 AEA 13 нөмірлі Lexus 570 көлігімен жол ережесін бұзған екен.
Біздің байлар жылауық қой, ереже бұзған кісі полициядағы ұлына телефон шалып, ұлы әкесін тоқтатқан полицейге «хаттама толтырма, жұмыстан қуса, қуа берсін», деп көкіп тұр.
https://kaz.365info.kz/astanada-zhol-politsiyasy-yzmetkerin-sh-m-rte-so-yp-s-jregen-k-lik-zh-rgizushisi-staldy-232945
kolesa.kz сайтының мәліметінше, Қазақстанда мұндай Lexus-тердің орташа құны 14,7 млн теңге тұрады. Осынша қымбат көлік алып, оған жоғары сұраныстағы әдемі нөмір алуға ақшасы жеткен әкелі-балалы енді келіп жол жиегінде тоқтау ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеуден аянып қалыпты.
Әлде полицияда істейтіндердің ешбір заңға пысқырмайтын құдіреті бар екеніне шын сеніп қалған адамдар ма екен, бұлар?
Абырой болғанда, бұл видео Шымкенттің Ішкі істер департаментіне жетіпті. Олар бұл оқиғаға қатысты былай жауап берген екен: «Аталған автокөлік ереже бұзған. Ал оның полицей-ұлына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде».
https://kaz.365info.kz/allo-nazarbaev-shegip-al-an-o-ushy-mentterdi-or-yta-zhazdady-227216