Қазақстандық танымал әнші Айқынның Барселонадағы тосын оқиғаларға ұрынуы толастар емес, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Жақында испандық қалада көлігін дұрысқоймағаны үшін әншіге айыппұл салынған болатын, енді оның құжаттары мен ақшасы бар сөмкесі қолды болыпты.
https://kaz.365info.kz/ashyp-korsetti-zhelide-ekinshi-bajzakhova-pajda-bopty-18-326090
“Сондықтан көшеге шыққанда паспорттар мен документтерді номерда, сейфта қалдырыңыздар. Фотосы жеткілікті. Полиция ұрланған заттарды іздемейді де. Себебі шағымданушылар өөөөөте көп. Метро, автобус, көше, тіпті сауда орталықтарында да (біз сияқты) заттар ұрлануда.
Ұрылар сіздерді қастарыңызда аңдып жүреді. Әңгімемен алдап, немесе үстіңізге су шашып қалтаңызды сыпырып кетуі мүмкін. Әдемі киінген қыз немесе жігіт те болкы мүмкін. Машинаның терезелері күнде шағылуда. Немесе баланын жарып кетіп, резинаны ауыстырып жатқанда да сақ болыңыздар.
Ал біз үйге қайттық. #хооооооооочуууууу домой”, – деп жазды Айқын.
https://kaz.365info.kz/khalaulym-zhobasy-arkhyly-tanymal-bolgan-zhigit-shanyrakh-koterdi-326077
Айта кетсек, жақында Айқынға Барселонада 100 еуро көлемінде айыппұл салынды, сонымен қатар, оны шолақ шалбармен мейрамханаға кіргізбей, бронға қалдырған180 еуросын да қайтармай қойған.