Арменияның “Пюнигі” Еуропа лигасында Қостанайдың “Тобылын” 1:0 есебімен өз алаңында ұтып, қазақстандық клубты жарыс жолынан қағып тастады.
82-ші минутта Мохамед Конате доп соққаннан кейін “Пюниктің” бас бапкері Андрей Талалаевтың көмекшісі Юрий Нагайцев “Тобылдың” штабында отырғандарға қолымен дөрекі ишарат жасады.
Ал Юрий Нагайцев кейінірек осы қылығы үшін кешірім сұрапты.
— Өз қылығым үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Мұның бәрі эмоция ғой… Бірақ мен мұны “Тобылдың” екінші бапкеріне қарата істедім, өйткені ол ойын кезінде біздің ойыншының қолындағы допты жұлып алып трибунаға қарай теуіп жіберген еді, депті ол.