Әліби Жұмағұловты соққыға жыққаны үшін айыпталған Қайрат Жамалиев түрмеде үш жылдай отырды. Соттың баспасөз қызметі атышулы кәсіпкердің жазасы неліктен жеңілдетілгенін түсіндіріп берді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Сот атышулы кәсіпкер Қайрат Жамалиевтың жазасын жеңілдетіп, оған 800 мың теңге көлемінде айыппұлды төлеуге міндеттеген болатын.
“Әлеуметтік желілерінің пайдаланушылары мен БАҚ өкілдері Көкшетаулық қалалық соттың шешіміне қатысты әртүрлі пікір білдірді. Осыған байланысты өсек-аяңдарды тоқтату үшін қабылданған шешімді толығырақ түсіндіріп өткім келеді “, — деп жазды Күләш Домалақова өзінің Facebook желісіндегі парақшасында. Ол облыстық соттың баспасөзінде жұмыс істейді.
Күләш Домалақова кассациялық соттың 2017 жылы мамыр айында өткенін айтты. Сол кезде сот Қайрат Жамаливетың жазасын 13 жылдан 7 жылға дейін жеңілдеткен еді.
Сонымен қатар, Күләш Домалақова кәсіпкер жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстыру туралы өтініштің Көкшетаудағы қалалық сотта қаралғанын түсіндірді. Кәсіпкер 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жазасын Көкшетау EЦ-166/24 мекемесінде өтеп жатқан.
“Ол қылмыстық атқару жүйесінің мекемесінде өзінің жақсы қырларын көрсетті. Мекеме өткізген мәдени шараларға белсенді қатысты. Жазаға кесілген адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты ашылған ұйымына мүше болған “, — деді Күләш Домалақова
https://kaz.365info.kz/saunada-mazhbyrlejdi-shymkentte-tort-aj-bojy-khorlykh-korgen-25-zhastagy-khyz-khyldykhtan-bosatyldy-325380
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловды соққының астына алғаны үшін 13 жылға сотталған болатын.