Павлодар қаласында екі такси жүргізушісі қылмыскерлердің қолынан қайтыс болды. Екі азаматты өлітірді деген күдікпен 19 жасар жігіт айыпталуда.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Аймақтағы ІІД-нің мамандары оқиғаның болғанын растады.
«Ішкі істер органдарының қызметкерлері 55 жастағы азаматты өлтірді деген күдікпен 19 жастағы азамат құрықталды. Бұл жігіт тағы бір 1974 жылғы жүргізушіні өлтірді деген күдік бар. Бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша іс қозғалды», – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің мамандары.
«Жолдасымды Павлодарское ауылынан таптық. Іздестіру жұмыстарына әкем мен ағаларым атсалысты. Оның денесі орманның ішінде жатты. Вахид жақсы әке, жақсы адам болды. Біреулер көмек сұраса, көңілдерін қайтармайтын», – дейді Анар Пиралиева.
Вахид Пиралиев қылмыскердің теріс пиғылының құрбаны болған жалғыз адам емес. Бұған дейін 44 жасар Павлодар қаласының тұрғыны Ерболат Мұқашев те жоғалып кеткен. Оның да мүрдесі бірнеше пышақ жарақатымен орманның ішінен табылды.
Екі азаматтың туған-туысқандарының пайымдауынша, ауыр қылмыс жасауға бөтеннің мүлкін алу себеп болған. Өйткені, күдікті бұған дейін автокөліктерді айдап кетіп, қосалқы бөлшектерін тапсырып нәпақа тапқан. Бұл уақытқа дейін күдікті бір автокөлікті бұзуға тапсырып үлгерген.