Ал керек болса! Шынымен, біздің елдің басшысынан үлгі алған сияқты. Мирзияевтың бұл әрекетін басқаша түсіндіре алмаймыз.
Өзбекстан президенті инновациялық даму министрінің орынбасары лауазымына Карстен Хайнцты тағайындады.
Өзбекстан мен Германия мелекеттері арасындағы инновациялардың заманауи инфрақұрылымын қалыптастырудағы неміс тәжірибесін енгізу жөніндегі келіссөздер табысты аяқталды. ФРГ-ның ұсынысы бойынша инновациялық даму министрінің орынбасары лауазымына Карстен Хайнц тағайындалды..
Саясаттанушы Максим Казначеевтың айтуынша, бұл Өзбекстан экономикасын алға ілгерілетуде айтарлықтай нәтиже бере қоймас.
— Шет ел мамандарын тарту бойынша мұндай тәжірибе біздің үкіметте де болған. Атап айтарлығы, бізде шет елдіктер негізінен шенеунік емес, кеңесші қызметіне тағайындалған-ды.
Шетелдік кеңесшілер атқаратын қызмет – негізінен, еліміздің инновациялық дамуына қаржылары мен ресурстарын салуға ниетті шетелдік инвесторлармен және компаниялармен арадағы кедергілерді жойып, олармен тығыз байланыс орнату.
Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, атап айтқанда, Қазақстандағы тәжірибе, мұндай тағайындаулар соншалықты тиімді болған емес.
Оған көз жеткізу үшін университеттер жанынан құрылған түрлі зертханаларға қарасаңыз жеткілікті. Ол зертханаларда көптеген шетелдік мамандар жұмыс істеп жатыр. Бірақ тындырғандары шамалы, инновациялық белестерді бағындыра алмадық.
https://kaz.365info.kz/garysh-salasyndagy-baseke-mirziyoev-baskhargan-ozbekistan-khazakhstandy-basyp-oza-ma-302377
Өйткені, қалай десек те, шетелдіктер біздің бюрократиялық жүйе шеңберінде жұмыс істейді.
Сондықтан олардың тарапынан жасалған барлық инновациялық ұсыныстар осы бюрократиялық қамалдың құрсауында қалады.
Сондықтан бір шетелдік маман Өзбекстандағы жағдайды түбегейлі өзгертеді деп, ойламаймын, — деген сенімде ол.
Экономист Мағбат Спанов шетелдік мамандар атқарушы биліктің құрылымында болмауы керек, ары кеткенде, оларды кеңесші етіп тағайындауға болады деген пікірде. Әйтпесе, биліктің өз қолынан ештеңе келмейтінін мойындағаны.
— Егер мамандар болмаса, оларды дайындау қажет.
Ешбір шетелдік маман, ол қаншалықты ақылды болса да, басқа мемлекеттің мүдделерін өзінің жеке пайдасынан жоғары қоймайды.
Ол өзге емес, өз елінің өркендегенін қалайды.
Мәселен Украинаны алайықшы, ол елдің үкіметінде шетелдік мамандар қаптап отыр,
бірақ олар елдің алға басуын жеделдететін ештеңе істеген жоқ.
Сондықтан Мирзияевтікі өзінің атқарған істерін жарнамалауға бағытталған тірлік қана, — дейді экономист.
https://kaz.365info.kz/tyndamaj-zhatyr-eken-mirziyaevtyn-tagdyry-ne-bolmakh-302586
Спановтың болжамынша, өзбек басшысы Карстен Хайнцті шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты жандандыру үшін инновациялық даму минстрінің орынбасары лауазымына тағайындап отыр. Егер ол Өзбекғстанда жұмыс істеуге ниетті инвесторларды тарта алса, онда мақсаттың орындалғаны.
— Мемлекет — қалыптасқан және тұрақталған жүйе, сондықтан оны бір сәтте өзгерте салу мүмкін емес. Ол үшін бірнеше жыл қажет. Ал мен Хайнц ары кетсе, бір жыл жұмыс істейді деп ойлаймын, — дейді жағдайды болжаған ол.
Осы орайда, экономист 2013 жылы Қазақстан үкіметінің Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрмен бірлесіп жұмыс істеуге талпынғанын еске алды. Британдық маман қазақстандық полиция жұмысын реформалауға көмек бермек болған-ды.
Қазақстан үкіметі Блэрдің кеңес беретін компаниясының негізгі клиентіне айналды.
Міне, осы қызмет үшін Қазкақстан үкіметі 16 млн фунт стерлинг немесе 3,65 миллиард теңге төледі.
https://kaz.365info.kz/ake-khajdasyn-mirziyaev-karimovtyn-khyzyna-ne-istegenin-bilesiz-be-319561
— Компания зерттеулер жүргізіп, бағдарламалар жазып берді. Алайда содан бері бір талай жыл өтсе де, полиция жұмысының өзгергенін көргенімз жоқ…
Ендеше, сол 3,65 млрд теңге бекерден бекер желге ұшқан ақша болды, — дейді сөзін тәмәмдаған сарапшы.