Жаңаөзенде баласын балконға шығарып ұрған әйел өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды КТК телеарнасы
Жаңаөзенде баласын балконға шығарып ұрған келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Таяқ жеген бүлдіршінді бұл отбасы небәрі бір жыл бұрын асырап алған екен. Енді бұл әрекеті үшін ол күйеуі екеуі ата-аналық құқынан айырылуы мүмкін.