Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Депутаттар ел өңірлеріндегі ірі өндіріс орындарында болды

101

Мәжіліс депутаты Қожахан Жабағиевтің Жамбыл облысындағы сапары барысында «Бурное сүт компаниясы» қызметкерлерімен кездесті.

Компания күніне 49 тонна ірімшік, сары май және сүт шығарады. Жалпы зауытқа 8 ауыл шаруашылық кооперативі, 50 шаруақожалығы, 25 жеке кәсіпкер сүт өткізеді. Бүгінгі таңда компанияда 93 адам жұмыс істейді.

Зауыт жұмысшыларымен әңгіме барысында депутаттар өндіріс қуаттылығы, салық салу, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға заңнамалық қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Мәжіліс депутаттары, «Ақ жол» фракциясының мүшелері Ерлан Барлыбаев пен Берік Дүйсенбинов Шығыс Қазақстан облысындағы сапар барысында Семей қаласында өткен дөңгелек үстелде қатысып, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылу барысына тоқталды.

– Бес бастамамыз елдің игілігіне жарайтындай болып атқаруымыз керек. Бұл тек қана Елбасы мен Мәжіліске ғана байланысты дүние емес, ол үшін құзырлы органдар, Ұлттық банк, басқа да мемлекеттік органдар қатысуы керек. Ал мемлекеттік органдарға халықтың талап-тілегін, үмітін жеткізетін – Мәжіліс депутаттары, – деді Дүйсенбинов.

Кездесуде депутат Ерлан Барлыбаев Президенттің әлеуметтік бастамасымен іске асып жатқан жатақханалар мен қолжетімді ипотекалық несиелердің құрылысы Қазақстандағы мыңдаған адамдарға тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз