Отырар ауданының Жаңа Шілік ауылында Қазақстанның Халық жазушысы, ақиық ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі ашылды.
Бұл туралы Zamana.kz жазды.
https://kaz.365info.kz/shahanov-ajtyp-tastady-nauryzdy-tojlauga-kimderdin-kharsy-shykhkhanyn-bilesiz-be-254676
Шығармашылық үй екі қабатты болып, ерекше дизайнмен салынған. Онда кітапхана, шығармашылықпен айналысатын жұмыс кабинеттері, демалыс бөлмелері және қонақ қабылдайтын бөлмелер бар.
https://kaz.365info.kz/ne-dejin-makhpal-zhynisova-myhtar-shahanovtyn-ajyptauyna-khatysty-pikir-bildirdi-310488
Бәрі де заманауи үлгіде жабдықталыпты. Келуші меймандар үйдің ішіне қойылған суреттер мен құжаттар арқылы ақиық ақынның бүкіл өмір жолымен дерлік таныса алады.
Жиынның әсерлі өткеніне риза болған ақын өз өмірінен естеліктер айтты, жиналған халыққа ризашылығын білдіріп, ғимараттың салынуына қаржылай демеушілік еткен белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжановқа алғысын жеткізді.
https://kaz.365info.kz/khatty-ketkenim-ras-myhtar-shahanov-keshirim-syrady-310226