Ел астанасы мәртебесігне ие болған жылдар ішінде Астанадағы орташа жалақының мөлшері 20 жыл ішінде 17,6 есеге көбейген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәселен1998 жылы Астанада орташа жалақы 12 886 теңгені құраса, өткен жылдың қорытындысы бойынша 227 003 теңгеге дейін өсті. Бұл туралы бүгін елордалық статистика департаментінің басшысы Құндызбек Әбдірасылов мәлімдеді,
“1998 жылы орташы жалақы 12 886 теңге болса, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 227 003 теңгені құрап отыр.
Яғни, орташа жалақының мөлшері 17,6 есеге көбейген”,
— деді ол.
Әбдірасылов елордада жұмыссыздық деңгейі басқа өңірлермен салыстырғанда, ең төмен екенін атап өтті.
https://kaz.365info.kz/toj-bolady-astananyn-20-zhyldygyn-tojlauga-19-mlrd-tenge-zhymsalmakh-311794
“Бүгінде Астанада жұмыссыздық деңгейі – 4,6 процент. Бұл өңірлер арасындағы ең төмен көрсеткіш.
Былтыр экономикалық белсенді халықтың саны 521,5 мың адамды құрап, 1998 жылмен салыстырғанда, 3,2 есеге өскен.
Жұмыспен қамтылғандар арасында жалдамалы жұмысшылар қатары көбейген, яғни, 467 мың адамды құрайды.
Бұл көрсеткіш 1998 жылмен салыстырғанда 4 есеге артып отыр. Өздігінен жұмыспен қамтылғандар саны – 30,6 мың адам. 20 жыл бұрынғы статистикамен салыстырғанда, 17,7 есеге өсті”, — дейді департамент басшысы.