Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытайға Хоргос өзенінің аумағында бірігіп “Чуркубулак” (Алмалы) деп аталатын су қойманы салуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған дейін ҚР Парламенті Қытаймен бірігіп су қоймасын салу туралы мемлекетаралық келісімді бекіткен болатын. Екі ел арасындағы келісім 2017 жылы маусым айында қабылданған. Қазіргі уақытта келісім бойынша екі ел Хоргос өзенінің аумағында сел бөгейтін су қоймасын бірігіп салып жатыр.