Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Министрлік ҰБТ-да тәртіп бұзатын түлектерге айыппұл салуды ұсынды

Сұрақтарды телефонмен жібере алмаған соң, осындай қадамға барған. Қазір біз бұл мәселе бойынша ішкі істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. ҰБТ өткізу ережесін бұзатындарға әкімшілік жауапкершілік, тым болмаса айыппұл деңгейінде, енгізу мәселесін талқылап жатырмыз”, — деді Әлімқұлов баспасөз мәслихатында.

Тест кезінде тікелей эфирге шыққан түлек желіні шулатты>>

Ол білім жүйесін, соның ішінде ҰБТ-ны цифрландыру ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне септігін тигізетінін атап өтті.

“Жұртшылық көп жұмылдырылған сайын, заң бұзушылық та соғұрлым азая түседі. Былтырдан бастап біз пилотты режимде онлайн-трансляция енгіздік. Сол жолы аудиториялардың 20 проценті осындай технологиялармен жабдықталды. Ал биыл біз бұл көрсеткішті 85 %-ке дейін жеткіздік. Келесі жылы 100 процентке жеткізуді көздеп отырмыз. Сондықтан ҰБТ барысын бақылайтындар саны артқан сайын, тәртіп бұзушылар да азаяды деп санаймыз”, — деді Әлімқұлов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз