“Сәлеметсіздер ме, осы хатты дірілдеп жазып отырмын”, дейді «Үшбу хатқа» сырын жазған, аты-жөні мен тұрғылықты жерін атамауды жөн санаған қазақтың қызы.
“Басынан бастайын. Жасым 22-де, бойым ұзын арық қызбын. Бір үлкен кафеде маркетолог болып жұмыс істеп жүргеніме 3 жылдан асты. Бастығым бар, жасы 35-те, бірақ өзі өте үлкен көрінеді. Ұлты әзірбайжан. Әйелі, үш баласы бар өте жақсы кісі.
Сенесіздер ме, мен оның қасында кішкентай қызбын, әкемдей адамның түрі.
Мен қатты ыңғайыссызданып қалдым. Ол тағы да кабинетіңді жу дейді. Жарайды, осында «с чем нибудь буду угастит» десем, «нет, ты сама обещала что будешь обмывать давай вдвоем кафе сходим» деп қолымнан ұстап алды. Менің аяқ–қолым дірілдеп кетті. Сол сәтте водитель кісі кіріп қалды да, бастығым маған бара бер деді. Көзім жасаурап шығып кеттім. Үлкен, дап-дардай кісі.
3 жылдан бері қол астында жұмыс істеп келемін. Үш ұйықтасам түсіме кірмепті.
Енді кабинетіне кіріп, «У меня нет отца, я вас приняла как отец, даже не думайте, я не легкомысленная девушка» деп айтқым келіп тұр.
Бір жағынан қорқып тұрмын, жұмыстан қуып жібере ме деп.
Қалай басын ашып, бармайтынымды дұрыстап түсіндіріп айтсам болады?” – деген кеңес сұрап отыр қазақ қызы.
https://kaz.365info.kz/bastygym-zorlap-tastady-astanalykh-ajeldin-maskhara-malimdemesi-267838