Шығыс Қазақстан облысында сот 19 жастағы жігітті қағып өлтірген Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевқа қатысты шешімін шығарды.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Кеше, 27 маусым күні, сот отырысы кезінде прокурор әкімге бес жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауын сұрады.
Сот істің бүкіл мән-жайын тексеріп, Құрманбаевқа бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ, енді бұрынғы шенеунік көлік құралдарын бес жыл басқара алмайтын болды.