Ал керек болса! Танымал ақын Балғынбек Имашев «ұйқыдағы сорлы қазақ» деп намысы бар азаматтарды оятуға тырысыпты.
«Қытай. Қара қытай. Ұйқыдағы сорлы қазақ! Сорың бес елі! Намысыңа наркоз беріп ұйықтатқан. Ұятыңды ұрлаған. Тектілігіңді тонаған. Арыңды сылып, руxыңды іреп тастаған. 27 жыл бұрын Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстан есігін айқара ашып: «Атамекенге оралыңдар, қарагөз қандастар! Көк тудың астына жинал, Исі Қазақ баласы!» — деп жар салды!
Бірі маңғол, бірі қытай, бірі иран, бірі ауған, бірі түрік атанбады емес, атанды.
Бірақ, олардың атамекенде дүниеге келген ендігі ұрпағын ешкім олай атамайды! Жалпы, бөтен елден өз еліңе, кәпір елден мұсылман елге мал-дүние үшін көшпей қалу — адамға үлкен сор мен ауыр сынақтар әкеледі. «Жарқын жетіден» басқа ондағы қандастардың қамын жеп, жаны ауырған адам көрмедік», — деді ақын.