Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Цифрландыру жемісі: электронды еңбек биржасы 70 мың адамға жұмыс тауып берді

1246

«Зерде» холдингі жанынан цифрландыру жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Нақты нәтижелер туралы айтқан кезде, электронды сауда субъектілері санының өсімін ынталандыратын Салық кодексіне өзгертулер енгізілгенін атап өткен жөн.

Мұндай ұйымдар корпоративтік табыс салығын төлеуден толықтай босатылған.

Кейбір есептеулерге сәйкес, мұндай шаралар электронды сауда нарығының жылдық өсімін 40 пайызға дейін қамтамасыз етеді», — деп мәлімдеді министр.

Сонымен қатар, ол қаңтар айында «Электронды еңбек биржасы» жобасы іске қосылғанын да атап өтті.

«Бұл бағдарлама аясында мемлекеттік секторды еңбекпен қамту жөніндегі жеке агенттіктермен ықпалдастырған әрі азаматтардың жұмысқа орналасу процесін ашық және жедел жасаған бірінші жоба болды.

– «Электронды еңбек биржасы» қазірдің өзінде шамамен 70 мың адамның жұмысқа орналасуына септігін тигізді»,

– деп қосты Д.Абаев.

Министрдің айтуынша, «Астана хаб» ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі акселерация бағдарламасы аясында 10 жоба іске қосылды.

Жылдың соңына дейін мұндай жобалардың санын 33-ке жеткізу жоспары бар.

  • Айта кетсек, еліміздегі Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен жүзеге асырылуда.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз