15 жастағы қырғыз қызы Санкт-Петербургте босанып, сәбиін тоңазытқышқа жасырып қойған.
Санкт-Петербургта жатақхана тұрғыны мамыр айының басында тоңазытқыштан жаңа туған нәрестені тауып алады. Ол бірден құқық қорғау органдарына хабарласады абырой болғанда сәби де, анасы да өлімнен аман қалады.
“7 мамыр күні қалалық балалар ауруханасына үй жағдайында туылған азиаттық сәби келіп түсті. Оның анасы босана сала, баласын жатақхана дәлізінде тұрған тоңазытқышқа салып қояды. Аталмыш іс бойынша “адам өлтіруге ниеттену” бабымен қылмыстық іс қозғалды”, – деді құқық қорғаушылар.
https://kaz.365info.kz/shymkentte-zhykti-bolyp-khalgan-14-zhasar-khyz-ben-16-zhasar-zhasospirim-yjlenetin-boldy-320194
Баланы үй жағдайында босанған әйел медициналық көмектің болмағанынан көп қан жоғалтып, қазір ауруханада ем қабылдап жатыр екен. Ал нәрестенің өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.
Қазір сәбиді өз қамқолрлығына алу үшін оның әжесі, Ресей азаматшасы құжаттар жинап жүрген көрінеді. алайда оның өз баспанасы болмағандықтан, нәрестені біраз уақыт балалар үйіне орналастыру жоспарланып отыр.
Ал, жас ана толық сауығып шыққан соң, тергеу абақтысына тоғытылады екен.
https://kaz.365info.kz/mangystauda-zhas-zhigit-16-zhastagy-khyzdy-yrlap-ketip-abden-zorlagan-320249
Дерек көз:Ктк .