“Ақбұлақ таун” тұрғын үй кешенінде бесінші қабаттан жас жігіт құлап қаза тапты, деп хабарлайды оқиға куәгерлері.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
Оқиғаға ересектер ғана емес, балалар да куә болған.
“Жас жігіт, шамамен 25-те, терезеден құлап кетті. Аулада үй тұрғындары болған, біреулер балаларымен серуендеп жүрсе, біреулер орындықта отырды. Кенет бірнәрсенің құлаған дыбысын естідік. Қарасақ, адам құлап кетіпті. Бірден “жедел жәрдем” мен полиция келіп, бізден жауап алды. Қаза тапқан жігіттің құжаты бар екен”, — деп хабарлайды көпқабатты үй тұрғындарының бірі.
Астананың ішкі істер департаменті оқиғаны растады, мән-жай анықталып жатыр.