ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Сенат отырысынан кейін Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
“Сыртқы қарызды Ұлттық банк санайды. Бірақ бұл біз жағдайды реттей алады немесе оған қандай да бір әсер ете алады деген сөз емес. Өкінішке қарай, біз нақты сандарды жариялаған кезде мұндай қарыздың қайдан шыққаны және Ұлттық банктің қайда қарап отырғаны жайлы сұрақтар пайда болады”, – деді Ақышев.
“(…) Расында мемлекеттің қарызы аса үлкен емес, бірақ біз мұның үнемі бақылауда болуы керектігіне алаңдаулымыз. Ұлттық банк тек екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарызына жауап береді. Бүгінгі соңғы мәліметтерге қарағанда, банктердің қарызы 6-7 миллиард доллардан аспайды”, – деді Ұлттық банк төрағасы.