Мынау сұмдық қой! Трагедия ғой мынау! Қалыңдық ретінде алып-қашқан қыздың айуандықпен өлтірілуі қырғыз қоғамының ашу-ызасын тудырды. Бауырлас елдегі «ала качуу» дәстүрінің анайы түрі мемлект басшысынан бастап, министрлер мен депутаттарды пікір білдіруге мәжбүр етті. Өйткені ескіліктің сарыны болып табылатын бұл құбылыстың етек алғаны соншалық, ол елдің ішкі қауіпсіздігіне қатер төндіре бастады.
Қырғызстанда ежелгі «ала қачуу» дәстүріне қатысты мәселе бірнеше дүркін көтерілген-ді. Ал жақында ғана орын алған мына сұмдық оқиға жағдайды тіптен ушықтырып жіберді.
Мамыр айының соңында қырғызстандық жігіт бойжеткенді қалыңдық ретінде алып-қашқан. Нәтижесінде, милицияға арыз түскен. Тәртіп сақшылары «күйеу жігітті» ұстап, милиция бөлімшесіне жеткізген. Ұрланған бойжеткен де ішкі істер бөлімшесіне куәгер ретінде жеткізілген.
https://kaz.365info.kz/apa-khytkhar-almatyda-kyshtep-khyz-alyp-khashu-okhigasy-videoga-tysip-khaldy-252369
Сөйтсек,
ол тұрмыс құруға ниетті емес екен және өзіне жәбір көрсеткен жігіттің үстінен арыз жазу туралы шешім қабылдапты.
Бойжеткен куәгерлерден жауап алатын бөлмеде отырғанда, онда өзін алып-қашқан жігіт кіріп келіп, бірнеше рет пышақ сұғып алған. Алынған жарақат салдарынан, бойжеткен тура милиция бөлімшесінде жан тәсілім еткен.
Бұл оқиға көпшілікке жәрия болған соң, ішкі істер министрі оны жеке бақылауына алған. Мұндай сұмдық жағдайға бей-жәй қарай алмаған қврғыз президенті пікір білдіріпті.
«Қыздың қаза болуына кінәлілердің барлығын қатаң жазалауды талап етемін – қызметтен қуылатыны қуылсын, қалғандары қылмыстық жаға тартылсын. Ішкі істер қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру және олардың тәрбіні нығайту жөніндегі жұмыс күшейтілсін», — деді Сооронбай Жиэнбеков.
Өз кзегінде елдің премьер-министрі Мұхаммедқалый Абылғазиев те қыз алып-қашуға қатысты өз пікірін білдірді.
https://kaz.365info.kz/alyp-khashkhandary-khyz-emes-ajel-eken-almaty-politsiyasy-tysinikteme-berdi-video-252388
«Бұрын біні бірін жақсы танитын, сөз байласып жүрген жастар жақындарына «тосынсый» жасау үшін қалыңдықты алып-қашатын.
Ал қәзір бойжеткендерді мал сияқты ұрлайды»,
— деп мәлімдеді қырғыз үкіметінің басшысы.
Елдің Бас прокуратурасы өзінің қызметтік міндеттеріне немқұрайды қарауы салдарынан кісі өлтіруге жол берген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады.
https://kaz.365info.kz/azgyndar-khyz-alyp-khashkhan-zhigitterdin-areketi-zhelide-dau-tudyrdy-video-314395
Бұдан бөлек, Мұхаммедқалый Абылғазиев құқық бұзушылықтың алдын алуды реттейтін заңдарды түгендейтін, талдайтын және заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындайтын жұмысшы тобын құруды тапсырды.
Бұл мәселені БАҚ-та және әлеуметтік желіде тақылаудапн бөлек, белсенді азаматтар ел астнасының орталық алаңында «Теңсіз неке мен алып-қашуға тоқтау салынсын» атты флешмоб ұйымдастырды.
Аталмыш мәселе бойынша халық қалаулылары да үнсіз қалған жоқ.
«Қыз алып-қашу – қылмыс, айуандық екенін түсінетін кез келді. Бойжеткендерді қорғау, оларға қамқор болу ісінде ер-азаматтарға артылар жүк ерекше.
Біз, депутат ретінде, заңнамаға қыз алып-қашу үшін «Адам ұрлау» бабы бойынша жауапқа тартатындай норма енгізітін боламыз,
— деді Қырғызстан парламентінің депутаты Жанар Ақаев.
Ал, өз кезегінде, әлеуметтік желіде пікір білдірген қырғызстандықтар «тек заң қабылдаумен мәселе шешілмейді, бұл жерде кешенді көзқарас қажет екенін» айтуда
Қыз алып-қашу мәселесінің тамыры тереңде, ұлттық дәстүр саналатын ол білім таяз жастардың санасына әбден еніп алған.
Сондықтан бұл құбылыспен күресудің оңайға түсе қоймасы айдан анық. Ол үшін ауқымды ағартушылық жұмыс атқару қажет, әсіресе, елдің шалғай өңірлерінде. Ол үшін «Мәдени идеология» құрып,
ер-азаматтар алып-қашуды заңнан биік ұлттық дәстүр ретінде қабылдайтын көзқарасты, танымды жою қажет.
Солай лесек те, көптеген адамдар бұл мәселенің шешілетініне күмәнмен қарайды. Өйткені
көптеген бойжеткендер өздерін жасалған қорлық туралы айтпауды жөн көріп, милицияға шағымдануға жүрексініп, дағдарыс орталықтарына бармайды.
https://kaz.365info.kz/zhambyl-oblysynda-politsiya-alyp-ash-an-yzdy-izdeuden-bas-tartuda-229537
Қырғызстан омбудсмені Қубат Оторбаев жылына 5000 қырғызстандық бойжеткен алып-қашу мен қорлықтың құрбаны болатыны айғақтайтын статистиканы келтірді. Алайда бұл тек ішкі істер министрлігі немесе құқық қорғаушылар тарапынан тіркеуге алынғадары ғана,
ал қанша жағдайдың «жабулы қазан» күйінде қалғаны беймәлім, олардың саны ондаған мың болуы ғажап емес
Атап айтарлығы, көп ретте мұндай некелердің арты қайғылы оқиғаларға ұласып жатады. Соның салдарынан,
бірінші кезекте, әйелдер мен балалар зардап шегеді. Міне, осыған жол бермей, оларды қамқорлыққа алу қажет.
Осындай олқылықтардың салдарынан, ұлттың ежелгі дәстүрі заманауи түсінікте анайылықты үлгісі болып, Қырғызстанның ішкі қауіпсіздігіне қауіп төндірген қатерге айналып отыр.