Семейде жаздың алғашқы айында дауыл мен бұошақ аралас жаңбыр қала тұрғындарының зәресін ұшырды.
Табиғатта нашар ауа райы жоқ деп ойлайсыз ба? Оны маусымның ортасында ірі бұршақты “қызықтауға” мәжбүр болған семейліктерге айтып көріңіз.
Сәрсенбі күні кешке ауа райы тосын сый жасады: дүлей жел ағаштардың бұтағын сындырды, ал аулалар мен жолдарды нөсер жауыннан кейін су басып қалды.