Қайрат Нұртас өзіне айтылған сынға жауап берді.
Бұған дейін әнші інісімен бірге “My universe” әнін орындаған еді. Алайда оларды қазақша акцентпен айтты деп сынағандардың қарасы басым.
“Қазақша айта бермейсің бе? Ағылшын тілінде акцент құлаққа түрпідей тиеді”, – деп жазды желі қолданушылар.
Алайда әншінің әнді тәп-тәуір айтқанын, қазақша акценттің болуы қателік емес екенін айтты енді бірі.
https://kaz.365info.kz/byldirdin-goj-agylshynsha-an-salgan-khajrat-nyrtas-synnyn-astynda-khaldy-video-318990
Есесіне тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқыз ондай жағдай тек қазақстандық емес, әлемге әйгілі әншілердің де басынан өткенін айтты. Ол ағылшынша әнді акцентпен орындаған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді.
Осындай сөздерге құлағы үйренген Қайрат оларға: “Айта беріңдер,айта берсін!”,дейді.
Ал, Заңғар Нұртас ағылшын – өз тілі емес екенін, сондықтан да акценті үшін жасқанбайтынын айтқан-ды.
https://kaz.365info.kz/pozor-goj-orystyn-anshisi-madina-saduakhasovanyn-zhyrt-kozinshe-maskharasyn-shygardy-video-319152