Осыдан екі ай бұрын ауылындағы зіңгіттей жігіттерден жәбір көрдім деген Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Дүйсенбек Сазанбекұлы «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрап елордаға арнайы келіпті.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
“Светлана Бычкова депутатқа кіріп, жағдайды түсіндірдім. Арызымды тастап кеттім. Бұл кісі шара қолданамыз деген уәдесін беріп отырған жағдайы бар”,- деді Дүйсенбек Сазанбекұлы.
Ақсақал жергілікті тәртіп сақшылары өзіне жәбір көрсеткендерге қатысты істі әдейі созбалаңға салып отыр деп отыр. Бас прокуратура мен Нұр Отанға шағымданған қария әділдік орнатпай тынбайтынын мәлімдеді. Ал мәжілістегілер бұл мәселені жіті тексермекші.