Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру жөніндегі қылмыстық істі қарады. Кезінде табылмаған кісі өлтіруші енді аяғынан айырылып, мүгедек болып қалғаннан кейін полицияға айыбын мойындап өзі келген.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Бірақ сол кезде күйеуі мен үш баласы болған әйел бас тартады.
https://kaz.365info.kz/khostanaj-oblysynda-er-adam-konildesin-tabamen-olgenshe-yryp-tastagan-317956
Асылбек Таразға оралуға шешім қабылдайды. Әйел оны шығарып салу үшін вокзалға келеді және оның өтініші бойынша бір бөтелке арақ сатып алады. Олар Контейнерный ықшамауданындағы жаяу көпір арқылы теміржол тармақтарын кесіп өтеді.
Сол жерде жігіт күйінішін арақпен басып, содан соң масайып, еліріп кетеді. Жол сөмкесінен асүй пышағын алып, бейшара әйелді 19 жерден пышақтайды. Әйел алған жарақат салдарынан сол жерде көз жұмады. Жігіт содан кейін пойызға отырып, Таразға кетіп қалады.
https://kaz.365info.kz/maskeude-koz-zhymgan-tomiris-bajsafanyn-isine-imangali-tasmagambetov-aralasty-317886
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, осы жылдар бойына Атыраудың тергеу органдары бұл қылмысты аша алмаған.
Ал қылмыскер Таразда араққа салынып, ішіп кеткен. Бірде қыста көшеде ұйықтап қалып, үсіп қап, содан екі аяғынан айырылыпты. Енді сол жердегі полицияға өзі барып, ол жерден Атырау қаласына жеткізілген.
Сот сотталушының кінәсін мойындап келгенін және мүгедектігін ескере отырып, оны Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-тармағы бойынша (сол кездегі ескі редакциямен) қатаң режимдегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.