Қарағандыда тұрғындардың астан ұшынуына бұзылған ет себеп болған! Денсаулық сақтау министрлігіндегілердің айтуынша, жиырмадан астам адамға ауыз аштырған үй иесі етті дұрыс сақтамай бүлдіріп алыпты.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Сондай-ақ, олар дастарханға қойылатын, құрамында кремі бар тәтті тоқаштарды 5 күн бұрын сатып алып, тоңазтқышта сақтамаған. Сиыр мен сүрленген жылқы етін сол күні ертеңгілік асып қойып, кешкі тоғыздан кейін ғана қонақтарына ұсыныпты. Ал сараптама арқылы сүр еттің бұзылып кеткені анықталыпты. Осы оқиғадан кейін уланып, жансақтау бөліміне түскен екі адамның беті қазір бері қарады. Дәрігерлер олардың барлығының да дене қызуының көтеріліп, іштері өткенін айтқан. Ұшынған 20 адамның арасында төрт бала да бар.