Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
9
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

“Путинді қарашы әне!”. Қытайдағы қазақтарға қатысты ащы шындық айтылды

Фото Дастана Сейілханұлы.

Ол былай дейді: 

“Жазбайын-ақ дейсің, бірақ жазуға мәжбүрсің!

https://kaz.365info.kz/tatar-ma-khytaj-ma-karim-masimov-turaly-siz-bilmejtin-10-derek-317067

Ғаламтордан Қытайда сотталып, “саяси үйрену” деп аталатын лагерге тоғытылып жатқан қаракөз қандастарыңның жақынын жоқтап “Құтқаршы бізді, Қазақстан!” деп жылаған көз жасын көргенде, еріксіз қолыңды клавишке апарады екенсің.

Біз басында бәрі өтірік дедік. Әлі де солай ойлайтындар бар. Бірақ бұл “өтіріктер” қашанға дейін жалғасады? Өтірік дегені шын болса екен дейсің кейде. 

Қытайдың ішкі ісіне араласа алмайтынымыз анық. Бірақ Ресей бір орыстың шашы түссе, дүниенің қай түкпіріне болса да баруға дайын. Қытай да солай. Ал біз араша түсудің орнына “өтірік” дейміз.

Жанымыз ашымай-ақ қойсын, өз қазағыңды табаламашы, ағайын! 

Қытайды бәріміз жек көреміз. Қытайды жек көргеніміз үшін ол жақтағы қазақты да жек көру керек пе? 

https://kaz.365info.kz/zhelkemnen-ystap-shygaryp-zhiber-ajgyl-orynbek-tanymal-dintanushynyn-maskharasyn-shygardy-317114

Біз неге сонша қорқақпыз? Сол қытай ертең сенің қақпаңды, не пәтеріңді қаққанда ғана шырылдамақсың ба? “Әр қазақ менің жалғызым” деп, қазақты қашан Сабыр Адайша сүйіп, Абайша күйінер екенсің?..”

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз