Бүгін 147 мыңнан астам қазақстандық оқушы соңғы қоңырауға қатысады.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Мерекелік жиын республикамыздағы барлық мектептерде өтеді. Көптеген мектеп түлектері үшін жаңа өмір жолы басталады, бірақ олар ең алдымен ең басты емтихан – ұлттық бірыңғай тест тапсырулары керек.
Осы жылы ұлттық бірыңғай тестке 102 442 түлек қатысады. Оның 75 пайызы тесті қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде тапсырады.