Қостанай облысының полиция қызметкерлері Қарасу ауданында 11 жасар қызды өлтірген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Айта кетейік, баланың денесі 21 мамырда Восток кентінен табылған болатын. Полиция қызметкерлері 11 жасар қызды өлтірген ер адамды бір тәуліктің ішінде ұстады. Ол Қарасу кентінің 46 жастағы тұрғыны екен және күдікті жауап алу барысында қызды өлтіргенін мойындаған.
Полиция бөлімшесіндегілер, іс бойынша тергеу жұмыстары Ішкі істер департаментінің облыстық басқармасының бақылауында болғанын айта кетті. Қылмысты анықтау үшін ІІД-нің және Қарасу ауданының тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.
https://kaz.365info.kz/khostanajda-11-zhasar-khyzdyn-majiti-tabyldy-316022