Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-8
USD
526
0.00
EUR
547
0.00
RUB
4.88
0.00

Елбасы Кубадағы әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Гавана қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

“Осынау қиын сәтте, қаза болғандардың туыстары мен жақындарының, сондай-ақ барлық Куба халқының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін”, – делінген жеделхатта.

Кубада жұма күні болған Boeing 737-200 апаты салдарынан жүзден астам адам қаза тапты.

Үш әйел адам аман қалып, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Біреуі кейінірек ауруханада көз жұмды. Тағы бір аман қалған жолаушы ауруханаға апара жатқанда жан тапсырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз