Руми Назаров әкесі Несіпбай Нәсеновтан екі жасында қалған. Анасының қолында тәрбиеленген ол шығармашылыққа біртабан жақын болып өскен.
Ал керек болса! Әйгілі Сары Алмастың ұлын көргеніңіз бар ма? Бүгінде отандық фильмдерге түсіп, бағын сынап жүрген Сары Алмаздың 22 жастағы ұлы туралы не білеміз?
Руми Назаров әкесі Несіпбай Нәсеновтан екі жасында қалған. Анасының қолында тәрбиеленген ол шығармашылыққа біртабан жақын болып өскен.
Ситора Назарованың айтуынша, әкесінен ерте айырылса да, ұлы оның жақын бейнесін есінде сақтап қалыпты. Тіпті әлі күнге дейін кейде есіне алып отыратынын айтады ол.
“Менің балам өте ақылды, өте мейірімді болып өсті”, – дейді оның анасы Ситора. Айтуынша, бүгінде ол анасына қолғанат боп, тіпті досындай сырласқанды жақсы көреді.
https://kaz.365info.kz/ryzhij-almaz-kim-edi-video-233783
“Мен өзімнің ұлымнан ешнәрсені жасырмаймын. Ол мен туралы бәрін біледі, менің өмірім, менің шығармашылығым, менің көңіл-күйім. Ол менің ең жақын досым, кеңесшім. Одан жасыратын ешнәрсем жоқ. Екеуімізді көшеде көргендер тіпті бізді қыз бен жігіт деп ойлап қалып жатады”, – деп бөлісті Ситора.
Әншінің айтуынша, Руми Лондонда білім алған, ал қазіргі таңда Америкада оқуда. Демалған кездері ол елге келіп, қазақтың ұлттық тағамдарын жегенді ұнатады.
“Менің ұлым қазақ болғанына мақтанады. Бірде Еуропада жүргенде Қазақстанды мазақ етіп, “Боратты” айтып күлген он еуропалықты ол екі досымен бірге соққыға жыққан болатын. Еліне күле қарағандарды ол оңдырмайды. Қатты намысшыл. Себебі, оның бойында қазақтың қаны бар”, – дейді анасы.
https://kaz.365info.kz/lakhap-aty-adil-khytaj-atakhty-sary-almastyn-seriktesi-ystaldy-foto-266073
Бүгінгі таңда Руми Назаровты отандық режисерлер байқап қалып, оны түрлі фильмдерге түсуге шақырып жатыр.
Мәселен, ол жуырда “Заклятие оракула” фильмінде басты рөлді сомдап шыққан. Бұдан бөлек Ақан Сатаевтың “Томирис” картинасында парсы ұлтының өкілін сомдайды.
Дереккөз: NUR.KZ
https://kaz.365info.kz/tanymal-nshi-zini-ylmys-lemini-serkesi-sary-almasty-jeli-bol-anyn-mojyndady-foto-video-233457