“Түңгі студияда” түрлі жайттар орын алады, Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат Жолдасов та дәл осыны дәлелдегендей. Музыкант өзіне қойылған сұраққа жауап берем деп, ұятқа қалды. Қазірде оның видеосы желідегі парақшаларға таралып, Қазнетті шулатуда.
Өзінің кішкентай кезінде қандай болғандығын айтып жатқаны сол еді, Болат ата-анасының ерке “қызы” болғандығын айтып қалады, бірақ кейін қатесін түзеп алады.
“Бала шындығын айтыпты ғой”, “Ішегім қатты”, “Ай балам, шатысқыш екенсің”, деп көңілдерін бір көтеріп алды желідегілер.