Оңтүстік Қазақстан облысында 11-сынып оқушысы терроризмді насихаттаған деп айыпталды.
Сот үкіміне сәйкес ол кінәлі деп танылды. 18 жастағы Шахзат Исмаилов «діни алауыздықты қоздыру» баптары бойынша 4 жылға сотталып кетті. Ол 2017 жылы ұсталған. Онымен бірге қолға түскен 11 күдікті («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру», «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» баптары бойынша айыпталды. Исмаилов Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы №10 мектепте оқыған.
Дереккөз: stan.kz