Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
1
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Сұмдық қой! “Қазпочта” мойнына қарыз ілді. Кассир әйел асылып өлді

155

Қан аздық дертіне шалдыққан Мөлдір анасына 9 мамыр күні қоңырау шалып, мойнына ақша ілінгенін және оны алмағынын айтып жылапты.

«Қызым жүрегіне тез қабылдайтын жан. Маған звондап, ақша ілінгенін еңіреп айтты. Мен уайымдама, сотқа, прокуратурасына шағымданамын. Болмаса, әкеңнің тракторы бар соны сатып, амалын жасаймыз деп қызымды жұбаттым. Жүрегіне қатты алғанын сезіп, ертенінде үйіне жеттім. Барсам, үйі ашық. Бірден бөлмесіне барып едім, ілгішке асылып тұр екен. Шешіп алдым. Ыстық дем сезілген соң, бірден жедел жәрдем шақырдым. Бірақ олар жүріп кеткенін айтты»,- дейді қайғы жұтқан Айнаш Манабаева.

Артында қалған сегіз жасар қызы мен жолдасы Мөлдір Тапина өзін ажалға қиятынындай ешбір белгі білдірмеген. Тек сары уайымға салынған жас келіншек үн қатпаған. Марқұмның жолдасы Аслан Тұрсынов Қазпошта басшылары тарапынан қысым болғанын айтып отыр.

«Бастығы Мөлдірді қорқытыпты. Неше күн Мөлдір айтпаған ғой ішіне сақтап жүрген. Бастығы айтқан күйеуіңді де жұмыстан шығарамыз. Ақшаны орнына салмасаң сотқа жібереміз деп коммисия мүшелері де дауыс көтерген. Қаржы полицияға айтып қаматамыз деген», — дейді Аслан Тұрсынов.

Қазпошта басшылығы кассир көмекшісі болып қызмет атқарған Мөлдір Тапина жетіспеген қаражатты өзі алғанын айтып, қолхат жазып кеткен дегенді алға тартып отыр.

«Бесі күні түңгі бірде бастық Мөлдірдің үйіне барып жетіспеген сомманың жартысын алып келді. Біз коммисияның көзінше оны тіркедік. Кассаны қайтадан аштыртып, бас кассирдің көзінше қайта салдық. Қолымен жазып берген қолхаты бар. Осындай сомманы алдым, осындай сомма қарызбын деген. Қалған ақшаның біразын ұстап қойыпты. Мойындады өзі. Ертеңінде коммисия мүшелері келді, заңгеріміз де бар. Ешкім қысым көрсеткен жоқ. Күйеуін шақырттық сол күні. Түсіндіріп айттық мән жайды. Қолдау көрсетсеңіз дедік. Кассаның счеты барлығы дұрыс келіп тұрса, ешкім оның мойнына ақша ілмейді. 968 000 тенге жетпеді »,- дейді Назира Тіленшина Қарқаралы аудандық Қазпошта бөлімшісінің бас есепшісі.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тараптардан сұрақ жауап алынып тергеліп жатыр.

Айман Сағатай, фотолар автордікі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз