Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
8
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Джазбен Қазақстанда таныла алмаған әнші Американы дүрілдетіп жатыр (видео)

276

Орынбасар Әбу, әнші:

– Қазақстанда білім алып, өнер жолымды осында бастаған соң джаз отанына барып, батыс музыкасына қанық болайын деп ұйғардым. Мұнда мен мейілінше мол тәжірибе жинап, еліме ораламын деп шештім. Туған жерімде жастарды музыкаға баулуды жоспарлап отырмын.

https://kaz.365info.kz/tyk-pozor-emes-abdizhappar-alkhozha-ozbekstandykh-ekenin-mojyndady-video-312004

Орынбасар Қазақстанның үлкен сахналарында талай мәрте өнер көрсеткен. Тіпті Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблінде солист болып та жұмыс істеген. Кейін «Қазақстан дауысы» жобасына қатысып, көпшілікке таныла бастады. Жас дарын – осы ән байқауының финалисі.

Орынбасар Әбу, әнші:

– Америкаға келіп, этникалық әндерді көп тыңдай бастадым. Қазақстанда «The Magic of Nomads» деген тамаша топ бар. Солардың еңбектерін тыңдаймын. Сондай-ақ Жұбаныш Жексенұлы, Медеу Арынбаевтың әндерін де ұнатамын.

https://kaz.365info.kz/men-transvestit-emespin-khazakhstandykh-khyz-erkek-ne-dejdi-269495

Қазір жас әнші америкалық шоулар мен қазақ диаспорасы өткізетін кештерде джаз жанрындағы әндерін айтып, өнерін көрсетіп жүр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз