КТА ойыншысы Мереке өзінен төрт жас кіші жігіттің етегінен ұстапты, деп хабарлайды Stan.kz
“Тек қана қыздар” тобының капитаны Мереке күні кеше ұзатылды. Ол тойында қонақ болып, көмектескен жандарға алғысын жеткізді.
“Қыз баласы (еркекшора болсын, мың жерден өзін мықты қылып көрсетсе де)
дәл осы күні жүрегің қақ айырылардай күйде күйде болады екен. Оны тек басынан өткендер ғана түсінеді!
Мен қуанышты күнімді тек жақсы адамдардың қолдауымен дыммм шашылмай)),аман-есен керемет деңгейде өткіздім! АЛЛАҒА ШҮКІР!”, – дейді Мереке.
Желі қолданушылары Мерекені құттықтап, баянды бақыт тілеп жатыр.
Публикация от Мереке Бауыржанқызы! (@merekusha) 9 Май 2018 в 2:33 PDT
“Мереке, мерекеңмен! Қуанышың ұзағынан болсын. Баянды ғұмыр тілейміз”, “Балдай батып, судай сің. Сен мықты қызсың. Мықты келін де боласың”, “Дана келін бол! Қадамың құтты болсын”, – деп жазады желідегілер.