Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық бөліктерінде жауын жауады, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Қалған бөліктерінде жауын жаумайды. Кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ке дейін жетеді, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Ақтөбе, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.