Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзімен аттас мексикалық балақаймен суретке түсті. Геннадий есімді ер баланың есімін ата-анасы боксшының құрметіне қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Танысып қойыңыздар, бұл баланың есімі де – Геннадий. Мексикалықтар балаларына біздің чемпионымыз GGG-дің есімін берген сәт”, — деп жазылған Головкиннің “ВКонтакте” желісіндегі ресми тобында.
Айта кетейік, Головкин жекпе-жек кезінде “мексикалық стильді” ұстанатынын бірнеше мәрте айтқан болатын. Мексикада қазақстандық боксшының фанаттары жетерлік.