Қазақстандық оқушы Дінмұхаммед Төлендиев 7 жасқа дейінгі балалар арасында шахматтан әлем чемпионы атанды.
Бұл туралы Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Дінмұхаммед тәжірибелі жаттықтырушы, Грузиядан келген халықаралық гроссмейстер Александр Кашашвилиден тәлім алады екен.
Сондай-ақ, бұл тарихи оқиға екені аталады. Себебі күні бүгінге дейін 7 жасқа дейінгі ұлдар арасында әлем чемпионы болған емес.