Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуір күні танымал әнші қызды болған еді. Бақытты әке жаңа туған нәрестесі мен әйелін дүркіретіп, терезенің алдында түрлі қойылымдар қойып, шулатып шығарып алған еді.
Бірақ, Бүркіт жаңа туған қызы мен әйелінің жанында ұзақ қалған жоқ. Ауруханадан шығарып алғаннан соң, келесі күнінде-ақ әнші Біріккен Араб Әмірліктеріне күнге күюге кетті. Қазір әнші Дубайдың ыстық шуына шомылып, демалып жатыр. Әртіс желіге демалысындағы суреттерімен бөлісіп, тіпті бейтаныс сұлулармен түскен суреттерін де жүктеп жатыр.
Онда әнші әлі қай уақытқа дейін болатындығы белгісіз. Бәлкім, әнші маңызды іс сапарларымен кеткен шығар, бәлкім күйбелең тіршіліктен жалықты. Кім біледі. Ал өз кезегінде Аиша жаңа туған сәбиіне қарап, бар уақытын соған арнап жатыр.
https://kaz.365info.kz/shou-biznestegi-gashykhtar-khalaj-khosyldy-310892