Төреғали Төреәлінің үшінші сәбиі дүниеге келді. Сүйінші жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Келіншегі Толқын дүниеге қыз баланы әкелген. Әншінің екі қызы бар болатын. Ерлі-зайыптылар әзірге шақалақтың есімін жариялаған жоқ.
Бауы берік болсын деп желі қолданушылары тілектерін дамылсыз бұрқыратып жатыр.
“Үш қызың бар, жұмаққа барасың” деп болжап жасағандары да болды арасында.